Ақтөбедегі Орталық базардың әкімшілік ғимараты жанып жатыр
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы Орталық базардан өрт шықты. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіруге арнайы құрам мен техника жіберілді.
«Өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Нақты ақпаратты осы бағыттағы жұмыстар аяқталған соң қосымша хабарлаймыз»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін базарда тазалық күні. Сондықтан мұнда саудагерлер мен сатып алушылар жоқ.
Еске салсақ, бұл базарда 30-дан астам өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылып, жабу туралы мәселе қозғалған болатын. Бір барлық қателіктер жойылып, өрт сөндірушілер тұрақты жұмыс істеуге рұқсат берді.
Пожар на центральном рынке Здание администрации 9.07.2018 #zello_aktobe