Ақтөбедегі Пробация үйі қайталанатын қылмыс санын екі есе азайтты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде құқық қорғаушылардың тіркеуінде тұрған адамдар Пробация үйі арқылы жұмысқа орналасты. Олар психологиялық тесттен өткізіліп, құжаттары түгелденді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбедегі Пробация үйі қайталанатын қылмыс санын екі есе азайтты

Ақтөбедегі «Пробация үйінің» жұмысы өз нәтижесін бере бастады. Орталық бұрын істі болып, жазасын өтеп шыққандардың қайта қылмыс жасамауы үшін оларды қоғамға бейімдеп, көмектесу, құқықтық, психологиялық көмек беру мақсатында ашылған болатын. Мұнда білім беру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекеттік мекемелер мен прокуратура, әділет департаментінің мамандары «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істеді. Жобаның бірінші кезеңі аяқталып, қылмыстың қайталану дерегі екі есеге азайғаны анықталды.

null

Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Жасұлан Бралиннің айтуынша, 100-ден астам адамға медициналық көмек көрсетіліп, 354 адам психологиялық тесттен өтті. Ал арнайы тіркеуде тұрған 83 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық, әлеуметтік жұмысқа кіріскендер де бар. Арнайы білім алмаған 29 адам кәсіби қайта даярлаудан өтіп, құжаттарын жоғалтып алғандарға көмек көрсетілді.

«Баспанасы жоқ адамдар арнайы бейімдеу орталықтарына қоныстанды. «Бизнес-бастау» бағдарламасы бойынша 4 адам оқытылып, 5 адам жергілікті атқару органдарынан біржолғы көмек алды. Бас прокуратура жобаны оң бағалап, өзге өңірлерге үлгі етті. Өңірде «Пробация Үйі» бағдарламасын іске асырудың екінші кезеңі әзірленді. Енді жаңадан есепке алынғандарға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ бұрын есепке алынғандардың мәселесі тұрғылықты орнында шешілетін болады»,- деді Ж.Бралин.

null