Ақтөбедегі Свято-Никольский православ храмында Рождество мерекесі қарсы алынды

АҚТӨБЕ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбедегі Свято-Никольский храмында Христостың туған күні - Рождество мерекесі қарсы алынды.
None
None

Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов жиналған қауымды осынау ізгі мерекемен құттықтады.

Рождество Сочельнигінде храмға көп адам жиналды. «Бұл жерге жұртшылық өздеріне және жақын-жұрағаттарына ең алдымен тыныштық, келісім, төзушілік, бақуаттылық, тұрақтылық тілеу үшін жиналып отыр, өміріміздің мәні мен маңызы осыларға негізделеді емес пе?! Және сіздердің Қазақстандағы тілек-ниеттеріңіз ең алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында орындалуда. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен түрлі конфессия өкілдерінің бейбітшілікте және келісімде өмір сүруі осының айғағы. Бұл барша әлемге үлгі болатын жағдай», деп атап көрсетті облыс әкімі өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар