Ақтөбедегі Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрға жаңа басшы тағайындалды
Тахауи Ахтанов атындағы драма театрдың директоры қызметі бір ай бойы бос тұрды. Бұған дейін сатирик, «Екі езу» сатира театрының негізін қалаушы Нұрлыбек Жұбатқан жұмыс істеп, кейін өз еркімен қызметінен кеткен болатын. Жаңа қызметке актер, режиссер, тележүргізуші Нұрхан Кәдірбаев келді.
Ол Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алып, еңбек жолын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актер болып бастады. Кейін телеарнадан көренді. Ол «Хабар» ардасында тележүргізуші болып еңбек етті.
Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінде жұмыс істеді. Күні бүгінге дейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры директорының орынбасары болды.