Ақтөбедегі терактіге Интернет арқылы ДАИШ басшысы «тапсырыс» берген

«Біздің анықтағанымыздай, қасиетті Рамазан айының қарсаңында ДАИШ деп тіркелген топтың Аднани деген басшысы өзінің артынан ергендерге Интернет арқылы зорлық-зомбылық жасауды тапсырған. Бұны құқық қорғау органдары қоғамға түсіндіріп жүр. Мұсылман қауымның қасиетті айы басталайын деп тұрған сәтте адам өлтіруге тапсырыс берген бұл топтың жиіркенішті мақсаты білініп қалды»,-деді Ерлан Ыдырысов.
Сыртқы істер министрі хабарлағандай, қазір Қазақстанның құқық қорғау органдары тиісті жұмыс жұүргізіп жатыр. Жағдай тұрақтанып, өзге елдермен өзара іс-қимыл орнатылған.
«Бұндай трагедия енді қаталанбайды деп үміттенеміз. Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында көп тапсырмалар айтылып, маңызды мәселелер қозғалды»,-деді Е.Ыдырысов.