19:31, 11 Маусым 2016 | GMT +5
Ақтөбедегі жағдай қалыпты деңгейде, лаңкестерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы жағдай қалыпты деңгейде. Қоғамдық көліктер, дүкендер мен ойын-сауық орталықтары кесте бойынша жұмыс жасап жатыр.

Сонымен бірге күш құрылымдары 5-6 маусым күндері аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен үш адамды іздестіріп жатыр. Олардың арасында 1990 жылғы Арсен Таңатаров, 1983 жылғы Бақыт Қуанышбаев және 1989 жылғы Әлібек Ақпанбетов бар.
Полиция қалаға кірген және қаладан шыққан әр көлікті жіті тексеріп жатыр. Ақтөбеліктер жол кептелісінде тұрса да, қаладағы күнделікті тексерістерге бойлары үйреніп, түсіністікпен қарауда.
Бұдан бұрын хабарлағандай, кеше арнайы операция барысында 5 лаңкестің көзі жойылды, тағы бір лаңкес Дмитрий Таңатаров ауыр жарақат салдарынан жедел жәрдем ауруханасында жан тапсырды.