Ақтөбедегі жаңаратын көше атаулары: Пугачев – Мұхтар Әуезов, Киселев – Мөңке би, Роза Люксембург – Дина Нұрпейісова

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ескі, мән-мағынасы жоқ көшелер атауы жаңартылды. Республикалық ономастикалық комиссия ұлттық атауларды мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облысы бойынша көшелердің 93 пайызы қазақы, ұлттық сипатта. Ақтөбе облыстық ономастикалық комиссиясы жыл сайын аты ескірген көшелерді өзгертуді ұсынады. Бұл жолы 35 көшенің атауы жаңарды. Енді Пугачев-Мұхтар Әуезов, Степан Разин - Мәшһүр Жүсіп, 1 май - Сырым батыр, Роза Люксембург - Дина Нұрпейісова, Совхозный проезд - Үштаған, Щорс - Арай, Демьян Бедный - Қасым хан, Кольцов - Орал, Ударный - Темірқазық, Ряхов - Махмұд Қашқари, Кобозев - Бурабай, ағайынды Коростелевтер - Керей хан, Краснощеков - Атырау, Жуковский - Жәнібек хан, Зинченко - Едіге батыр, Чапаев - Шәкен Айманов, Мирзоян - Әлихан Бөкейхан, Декабристер - Сауран, Котовский - Ғабит Мүсірепов, Воровский - Заңғар, Киселев - Мөңке би, Ленинградский - Мұхаметжан Тынышбаев, Земледельческий - Алтын емел, Патоличев - Білге қаған, Гарнизон - Жанша Досмұхамедұлы, Бабушкин - Самұрық, Тельман - Ырғыз, Куйбышев - Сығанақ, 70 лет октября - Жерұйық, Фрунзе - Ізгілік, 60 лет октярбя - Саржайлау, Совет - Балдырған, Фучик - Теректі, Совет - Орынбор, Нариманов-Интернациональная - Шығанақ Берсиев болады.

«Қазақтың батырлары, хандарының есімдері атаусыз көшелерге де берілді. Мәселен, Ақтөбе қаласында енді Тәуке хан, Қабанбай батыр, Ақан сері, Отырар, Құлагер, Кеңжайлау, Қарағайлы, Балбұлақ, Шалқыма көшелері болады. Ақтөбе облысы әкімдігі ұсынып, республикалық ономастикалық комиссия оң қорытынды берді. Ал аудандар облыстық комиссияға ұсыныс береді. Таяуда 20-ға жуық көшеге атау беру ұсынысы қаралды. Кері қайтарылғандары да бар. Қайталанатын, жалпылама, эмоциялық атаулар қабылданбады»,- деді Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева.

Айта кетейік, көше атауларын облыстық мәслихат бектіліп, әділет департаментіне тіркеледі. Кейін көшелердегі белгілер ауыстырылады. 

Соңғы жаңалықтар