Ақтөбедегі жол апаты: Қабырғасы сынған өзбекстандық емнен бас тартты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара-Шымкент тасжолы бойында жол апаты болып, Өзбекстан азаматтары зардап шекті. Ауруханаға жеткізілген соң олар қолхат қалдырып, үйлеріне кетіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұған дейін, Ақтөбеден Хромтауға бағыт алған автобус аударылып, 7 адамның зардап шеккені туралы хабарлаған болатынбыз. Облыстық ІІД баспасөз қызметі рөлге ие бола алмай қалған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Ал Хромтау аудандық ауруханасы түрлі дене жарақатымен түскен жолаушылар қолхатпен шығып кеткенін айтты. 

«Жол апаты болған кезде ауруханаға 9 адам жеткізілді. Қабырғасы сынып, түрлі дене жарақатын алған Өзбекстан азаматы ем қабылдаудан бас тартып, қолхатпен ауруханадан шығып кетті. Олардың бәрі өз елдеріне кетті»,-  деді Хромтау аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Людмила Волненко. 

Соңғы жаңалықтар