Ақтөбеден Ақтауға дәрі-дәрмек жіберілді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысынан Ақтауға дәрі-дәрмек жіберілді. Ертең жүк сол жақта болады.

Ақтөбеден Ақтауға дәрі-дәрмек жіберілді
Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендерге көмек ретінде медициналық жүк жіберілді.

Ақтөбеден Ақтауға дәрі-дәрмек жіберілді
Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

— Альбумин, адреналин және ауырсынуды басатын дәрілер Ақтауға арнайы жүкпен жіберілді. Олар апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағынан зардап шеккендерді емдеу үшін қолданылады. Көрші аймақтағы әріптестердің сұрауы бойынша 150 флакон дәрі-дірмек автокөлікпен жіберілді. Ертең дәрілер Ақтаудың медициналық мекемелеріне жеткізіледі. Медициналық препараттарды тасымалдау және сақтау ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Дәрілік заттардың термолабильділігіне байланысты авиатасымалдау арқылы жеткізу мүмкін емес, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбеден Ақтауға дәрі-дәрмек жіберілді
Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, бүгін түске таман Ақтауда ұшақ құлады

Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Мемлекеттік комиссия құрылды.

Соңғы жаңалықтар