Атырау мен Ақтөбенің аралығына күн сайын ұшақ қатынайды
АТЫРАУ. KAZINFORM — Алдағы 1 желтоқсаннан бастап Атырау мен Ақтөбе қаласының аралығына күн сайын ұшақ қатынайтын болды. Оны QAZAR AIR әуекомпаниясы орындайды.

Көлік министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 1 желтоқсанда Ақтөбеден Атырауға, Атыраудан Ақтөбеге ұшақ қатынайтын бастайды.
Күнделікті тұрақты рейстер келесі кесте бойынша орындалатын болады. Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері Ақтөбеден IQ 395 әуе рейсі сағат 17:50–де әуеге көтеріліп, Атырауға сағат 19:10–да қонады. Ал, Атырау қаласынан 19:50–де ұшатын IQ 396 рейс Ақтөбеге сағат 21:10–да жетеді.
Аптаның сейсенбі, бейсенбі сенбі және жексенбі күндері ұшаққа күндіз отыруға болады. Мәселен, IQ 395 рейсі Ақтөбе шаһарынан сағат 09:10–да ұшып, Атыраудағы әуежайға сағат 10:40–та жетеді. Мұнайлы өңір орталығынан сағат 14:50–де ұшқан IQ 396 рейспен көрші қалаға сағат 15:50–де табан тіреуге болады.
Әуе билетінің құны бір бағытқа 13 мың теңгеден басталады.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудан Ресей шекарасына дейінгі жол құрылысы қалай жүріп жатқанын жазған болатынбыз.