Ақтөбеге көшіп келген қандастардың көбі қалаға қоныстанды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Соңғы бес жылда Ақтөбеде мыңнан астам этникалық қазақ көшіп келді. Былтыр 78 отбасы қоныстанды.

Ақтөбеге көшіп келген қандастардың көбі қалаға қоныстанды
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Былтыр өңірге 78 этникалық қазақ отбасы көшіп келді. Барлығы 106 адам қоныстанды. Олар Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Қытайдан келді. 

— Қандастарымыздың 55-і Ақтөбе қаласына орналасты. Ал өзгесі Алға, Мұғалжар, Мәртөк, Қарғалы аудандарына қоныстанды. Этникалық қазақтардың 71-і еңбекке қабілетті болса, 18-і бала, өзгесі зейнеткер. Былтыр 19 адам жұмысмен қамту бөлімдеріне жолығып, төртеуі тұрақты еңбекке араласты. Кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, жастар тәжірибесіне де араласып жатыр, — деді Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің басшысы Ақсұлу Жұбаназарова.

Ақтөбе облысында соңғы бес жылда 840 этникалық қазақ отбасының 1223 адамы көшіп келді. 
Еске салсақ, биыл 1 070 этникалық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 149 мыңнан астам этникалық қазақ оралды

Соңғы жаңалықтар