18:32, 18 Қаңтар 2011 | GMT +5
Ақтөбеге ҚР Индустрия және сауда вице-министрі бастаған делегация келіп жетті
АҚТӨБЕ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбеге екі күндік жұмыс сапармен ҚР Индустрия және сауда вице-министрі Берік Қамалиев бастаған делегация келіп жетті.

Облыстық әкімдік баспасөз қызметінің ақпаратынша, бұл сапардың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы барысымен танысу.
Бүгін делегация бірқатар жаңа нысандарда, атап айтқанда, полиэтилен құбырлар шығаратын «Ақтөбеқұрылысхиммонтаж» ЖШС, «ЛАД» ЖШС битум зауытында, «Izet Greenhouse» ЖШС жылу кешенінде болды.
Ертең индустрия және сауда вице-министрі Әйтеке би және Хромтау аудандарына барып, кен қазу және мыс өндірумен айналысатын «KazCopper» ЖШС, «Шығыс-Ориел» ЖШС-ның «Шығыс» кен орны, «Қазхром» АҚ Дөң кен-байыту комбинатының қызметімен танысады деп көзделіп отыр.