Ақтөбеге шұғыл қонған Boeing-777 ұшағының жолаушысы көз жұмды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Nordwind Airlines әуекомпаниясының Boeing-777 ұшағы шұғыл қонды. Жолаушының бірі өзін жайсыз сезініп, кейін оның көз жұмғаны белгілі болды. 

Ақтөбеге шұғыл қонған Boeing-777 ұшағының жолаушысы көз жұмды
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

«Әлия Молдағұлова Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Дастан Малиевтің айтуынша, жолаушылар борттан шығарылған жоқ. 

— Бүгін шамамен сағат 12:35–те Екатеринбург — Сочи бағытындағы ұшақ Ақтөбе әуежайына қонды. Себебі әуе кемесіндегі жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлаған. Жолаушы көз жұмды. Оның себебін дәрігерлер айта жатар. Nordwind Airlines әуе компаниясының Boeing-777 ұшағы әлі де Ақтөбе әуежайында тұр. «Жолаушының денесінің алып кете ме, қалдыра ма» деген сұрақты шешіп, кейін ұшады. Қазір нақты қай уақытта сапарды жалғастыратыны белгісіз. Оны экипаж мүшелері шешеді. Ұшақтан жолаушылар шығарылған жоқ, бәрі ішінде отыр, — деді Дастан Малиев.

Айта кетейік, мамыр айының басында Шымкенттен Астанаға ұшып келген ұшаққа құстар соқтығысып қалды. Салдарынан ұшақтың бөлшегі зақымдалды

Соңғы жаңалықтар