Ақтөбеге «Спутник-V» вакцинасының екінші компоненті жеткізілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеге «Спутник-V» вакцинасының екінші компоненті жеткізілді. Қазір карантин аймағында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеге «Спутник-V» вакцинасының екінші компоненті жеткізілді

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, вакцинаның екінші компонентін 45 күнде алуға болады.

«Ақтөбе облысына барлығы 191 950 вакцина әкелінді. Оның 131 950-і Спутник-V, 4 мыңы QazVak және 56 мыңы Hayat-Vax. Бүгінгі күні 83 983 адам бірінші, ал 40 592 адам екі компонентін де салдырды. Спутник-V вакцинасының екінші компоненті қосымша жеткізілді. Қазір карантиндік аймаққа қойылды. Біз арнайы тауар сертификатын күтіп отырмыз. Дайын болған кезде бірден вакцина пункттеріне таратамыз. Бүгінде Қалғалы қалалық ауруханасы, «Евразия», №5 емхана мен Отбасы медицинасы емханаларында вакцинаның екінші компоненті бар. Егер өз емханасында таусылса, сонда барса болады. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес екінші компонентті 45 немесе 90 күн аралығында алуға болады»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Ақтөбелік тұрғындар, соның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар жұмыс берушінің талабын түсіндірді. Яғни, олар енді өз қанжысына ПТР тест тапсыруы тиіс.

«Өндірістік кәсіпорын жұмысшылары жұмысқа кіріскен және жұмыс ауысымын аяқтаған кезде ПТР тест тапсыруы тиіс. Немесе оларда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырғаны жөнінде паспорт болуы тиіс», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.