Ақтөбелік 47 жыл өткеннен кейін құжатын ауыстырды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тұрғыны арада 47 жыл өткенде құжатын өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының 69 жастағы тұрғыны Лариса Чернышева жеке басын куәландыратын, яғни, паспортты соңғы рет 1952 жылы алған. Содан бері жарты ғасырға жуық уақыт өтсе де төлқұжатын өзгертпеген. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мән-жайды сұрағанымен, мамандар жұмысты көші-қон қызметінен бастау керек екенін айтпаған. Әрі туу туралы куәлігі, Қазақстан аумағында тұрғанын растайтын құжаты, тіпті неке туралы куәлігі де болмаған.
«Азаматша Лариса Чернышева бұған дейін көші-қон қызметінен көмек сұрамаған. Өкінішке қарай КСРО паспортымен жүрген, азаматтығы жоқ адамдар әлі де бар. Олар жеке басын куәландыратын құжаттарын алмаған. Мұндай адамдардың оқиғалары бір-біріне ұқсас. Жас кезінде еш жерде ресми түрде жұмыс істемейді, қажетті құжат алуға асықпайды. Зейнеткерлік жасқа жеткен уақытта ғана қиналады», - деді Ақтөбе облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Эльмира Болтаева.
Лариса ЧернышеваАқтөбе облыстық полиция департаментінің басшылығына және ІІМ министріне алғысын білдірді.


