Ақтөбелік әскерилер жетім балаларға көмек көрсетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Отан қорғаушылар күніне арналған мәдени шара өтті. Әскери қызметкерлер ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен есепшот ашып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік әскерилер жетім балаларға көмек көрсетті

Ақтөбедегі Өнер орталығында Отан қорғаушыларға арналған «Ел айбыны» атты шарасы өтті. Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, әскери қызметкерлерді құттықтады.
null

«Бүгінгі мейрам - батыр бабалардың даңқты жолмен Отанға адал қызмет ету дәстүрін жалғайтын мереке. Бұл күн - бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскер қызметкер үшін ерекше күн. Осыдан 27 жыл бұрын Елбасының Жарлығымен республикамыздың Қарулы күштері құрылды. Тұңғыш Президенттің «тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру қиын» деген сөзі бар. Егемендік алған тұста басты бағыттың бірі елімізді қорғайтын, шекарамызды ұстайтын өз әскерімізді құру болды. Бүгінде Қазақстан әскері мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тыныштығының кепілі. Қазіргі кезде Қазақстан қарулы күштерінің қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне айналды. Ақтөбеліктер де өз үлесін қосып жүр. Жыл сайын 2 мыңнан астам азамат Отан алдындағы борышын өтеуге барады», - деді өңір басшысы.
null

Бүгін елі үшін адал қызмет атқарып жүрген 30238 әскері бөлімінің командирі Руслан Өтепов, 30238 әскері бөлімінің командирі Ақдәулет Кендеғожин, Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының полковнигі Әлім Ибраев, Ақтөбе облысы Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Сейіткерім Арапбаев, Ақтөбе қаласы әскери госпиталінің қойма бастығы Болат Сабыр, Ақтөбе гарнизонының әскери полициясы бөлімі әскери полиция бөлімшесінің гауптвахта бастығы Нұрбол Қалабаев, 6655 әскери бөлімінің командирі Мирас Турдалин, 2030 әскери бөлімі бастығының орынбасары Бекислам Абеуов, ҚР ҚМ «Әскери - техникалық мектебінің» оқу жұмысы бойынша директордың орынбасары Саят Ермағамбетов марапатталды.
null

Айта кетейік, әскери қызметкерлер ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 5 баланы өз қамқорлығына алып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен есепшот ашты. Алдағы уақытта балалардың есепшотына жүйелі түрде қаржы салып отыратын болады. Олар: №42 орта мектетің 7 сынып оқушысы Шерхан Юдинцев, осы мектептің 8 сынып оқушысы Карина Юдинцева, Новый орта мектебінің 11 сынып оқушысы Арман Сағымбаев, №6 орта мектептің 5 сынып оқушысы Иманғазы Абрамович, №14 орта мектеп оқушысы Кирилл Миллер.
null null