Ақтөбелік балаларының көз алдында әйелін пышақтап тастады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік келіншек Айсұлу Айкиеваны бұрынғы күйеуі пышақтап тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Айсұлу Айкиеваның пышақталғаны туралы ақпаратты полицияға теміржол ауруханасы берді. Ақтөбе қаласындағы «Элеватор-1 Весна» бау-бақша ұжымында тұратын Айсұлу Айкиева бірден аурухананың хирургия бөліміне жатқызылған.

«Оқиға бойынша теміржол ауруханасына Елек полиция бөлімінің қызметкерлері барды. Полиция оқиға орнына барып, жәбірленушіден арыз қабылдады және айғақ заттарды тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деді Ақтөбе облыстық жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл отбасында екі бала бар. Олардың үлкені 13, кішкентайы 6 жаста. Ұл мен қыз бағып отырған отбасы 14 жыл бойы бірге тұрып, кейін ажырасып кеткен. Ерлі-зайыптының бөлек тұрғанына екі жыл болып, қайта қосылуға шешім қабылдаған. Бірақ арадағы ұрыс-төбелес азаймай, А.Айкиеваның күйеуі пышақ ала жүгірді. Өзін қорғаған келіншектің сол жақ қолы жарақаттаған. Ал күйеуіне әкімшілік хаттама толтырып, үш күнге абақтыға қамалды.

Соңғы жаңалықтар