Ақтөбелік бизнес жобалар байқауының жеңімпаздары пайыздық үстемесіз грант иеленді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бизнес-жобалар байқауының жеңіпмаздары анықталды.
None
None

Облыстық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған шараға 141 адам өз жобасын ұсынып, одан 20 жеңімпаз анықталды. Байқауға қатысушылардың ең жасы - 19 жастағы студент, ең егдесі - зейнеткер.

Еділбай тұқымды қой малының басын көбейту, көкөніс сақтайтын қойма салу, тігін шеберханасы мен монша кешенін, наубайхана мен шаштараз ашу, құмды жерде құлпынай өсіру сынды жобалар үздік деп танылды. Аталған нысандардың бәрі ауылда ашылады. Кәсіпті бастап кетуге облыс әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасы нақты қолдау жасап отыр.

Ұсынған жобасының күрделілігіне қарай жүлдегерлер 300 мың теңгеден бастап, 3 млн. теңгеге дейін қаржылай грантты иелену мүмкіндігіне ие болды. Байқау қорытындысы бойынша шалғайдағы Мұғалджар ауданының Ембі қаласынан келген омарташы Дәния Рысқұлова жеңімпаз атанып, 1,5 млн. теңгені еншіледі.

Байқауда берілетін қаражатқа ешқандай пайыздық үстеме қосылмайды, кәсіпкер жобасын іске асырып, кәсібін дөңгелеткеннен кейін оны қайтарады. Бұл өз кезегінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қолдау болмақ , деп хабарлайды 24.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде бизнес-жобалардың «Ақтөбе стартап» байқауы өтті. Оны ұйымдастыруға Ақтөбе облысының әкімдігі мен «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қоры көмектесті. Байқауға аймақтағы аудандар тұрғындары қатыстырылды. Оған ауылда кәсіпкерлік қызметті көпшілікке тарату мақсатында Алға, Қандыағаш, Ембі, Жем, Темір, Хромтау, Шалқар сынды шағын қалалар да қатысты. «Жалпы, байқауда 141 жоба таныстырылды. Олардың бәрі мұқият қаралды. Белгілі кәсіпкерлер мен тәжірибелі жетекшілерден құралған төрешілер үздік жобаларды таңдауда өнімнің қаншалықты сұранысқа ие екеніне немесе аймақтық, аудандық нарықтағы қызмет көрсету түрлеріне, өтімділігіне, жобаның тиімділігіне ерекше назар аударды», - деп атап өтті Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Төлеміс Шотанов.

Соңғы жаңалықтар