Ақтөбелік дәрігерлер оқ жарақатын алған жәбірленушілердің жағдайын айтты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Оқ жарақатын алған 20 және 19 жастағы екі жігіттің жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік дәрігерлер оқ жарақатын алған жәбірленушілердің жағдайын айтты

«Қазір екі науқас ем қабылдап жатыр. Екеуіне де бірнеше оқ тиген. Облыс орталығынан ұшып барған санавиация дәрігерлерінің көмегімен аудандық ауруханада ота жасалды. Екі науқастың да жағдайы ауыр, бірқалыпты. Тергеу жұмыстарына байланысты өзге ақпарат таратылмайды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін көлікпен жүріп, адамдарға оқ жаудырған 21 жастағы аудан тұрғыны ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. Бұл оқиғаға қатысты «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды.