Ақтөбелік егіз балалар алғаш рет саяси науқанға қатысты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша 560 мыңға жуық адам дауыс беру мүмкіндігіне ие. Бүгін Сазды ауылындағы егіздер бірінші рет ел ішіндегі саяси науқанға қатысып, таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облысы бойынша 517 референдум учаскесі бар.

Республикалық бейпартиялық байқау штабы облыстық төрағасы Ерәділ Уббиниязовтың айтуынша, референум учаскелерінде 2800-ден астам байқаушы жұмыс істеп жатыр.

«Өңірде ешқандай да заңбұзушылық тіркелген жоқ. Адамдар белсенді түрде референдум учаскесіне келіп жатыр», - деді Ерәділ Уббиниязов.

Ақтөбе қаласы Сазды ауылының тұрғындары Әсет және Әсел Қоңқаевтар да өз таңдауын жасады. Мектеп түлектері биыл алғаш рет саяси науқанға қатысты.

«Сазды орта мектебінің түлегіміз. Биыл 18-ге толдық. Қазақстан дамуына үлес қосу үшін дауыс беруге келдік. Бұл үлкен жауапкершілік деп білеміз әрі біздің бірінші қадамымыз. Мен өзім заңгер болғым келеді. Сөйтіп еліміздің құқықтық саласының дамуына үлес қоспақпын. Ал Әсет кәсіпкер болу үшін алқашқы қадам жасап үлгерді», - деді Әсел Қоңқаева.

Еске салсақ, бүгін Димаш Құдайбергеннің ұстазы Марат Әйтімов те өз таңдауын жасады.

Кейін ол шәкірті жайлы әңгімеледі.

«Димаш қазір хабарласып, кеңес сұрайды. Көбі кәсіби жұмысқа байланысты. Жеке өмірін де айтады. Димашқа қатысты сын айтылады. Бәріне ұнау мүмкін емес. Кейбірі тисе терекке, тимесе бұтаққа деп аузына келгенін айтып жатады. Ол кезде адамдардың пиғылы қарын аштырады. Бір әнді бірге орындаймыз деген жоспарымыз бар. Әзір жүзеге аспай жатыр. Жаңа ән немесе халық әні болуы мүмкін», - деді Марат Әйтімов.


Соңғы жаңалықтар