Ақтөбелік кәсіпкер 9 оқушысы бар ауылға мектеп салып берді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі Қарлау ауылында 40 орынға шақталған бастауыш мектеп ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округіне қарасты Қарлау елдімекенінде бүгін бастауыш мектеп ашылды.

«Облысымызда 415 мектеп жұмыс істейді. Еліміздің өткендеуімен қатар бала саны да артып келеді. Ақтөбе облысында бір жылда он мың балаға орын тапшылығы байқалады. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес бес жылда 50 білім ордасы салынуы тиіс. Соның 12-і биыл жыл аяғына дейін тапсырылады. Әр ауылды сақтап қалу мақсатында да мектеп салынып жатыр», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.

Жаңа білім ордасы қарлаулық кәсіпкер Жұмабай Бекмағанбетовтің демеушілігімен бой көтерді. Жалпы ауданы - 600 шаршы метр. Жоба құны - 40 млн теңге. Бастауыш мектеп 40 орынға шақталған. Қазір мұнда 9 бала білім алып жүр. Оларға 3 мұғалім сабақ береді.


Соңғы жаңалықтар