Ақтөбелік кәсіпкер болаттан киіз үй құрастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбелік кәсіпкер болаттан киіз үй құрастырды. Уық, кереге, шаңырақтың бәрі әдеттегідей ағаштен емес, темірден. Айналдырған 20 минуттың ішінде епті адам жинап, қайта құра алатын киіз үй сұранысқа орай алты, он екі қанатты болып жасалады, деп жазады aikyn.kz.
None
None

Сатып алушылар қатары көбейсе, темірден түйін түйген компания жұмысшылары түрлі ұлттық бұйымдар жасауды қолға алмақ.

Жазда іші салқын, қыста жылы, жиналмалы, құрастырмалы ағаш үй қашанда ыңғайлы әрі ұлттық дәстүрімізді айшықтап тұрады. Наурыз мерекесінде ғана құрылып, былайғы уақытта шаң басып, қоймаларда жататын ағаш үй қазір көпшіліктің қызығушылығын қайта оятты. Біреулер ағаш үй тәрізді үй салды, мейрамхана тұрғызды, музыка тыңдауға арналған техника құрастырды. Мұның бәрі ұлттық мәдениетімізден тініміздің ажырамағанын білдіреді.

Ал ақтөбелік «Каспий+» ЖШС-ның жұмысшылары екі аптада көпшіліктің көзі қызығатын киіз үй құрастырды. «Қазақтың киіз үйін жаңа форматта жасап шығарып, көлемін алғашқыда алты қанатты еттік. Металл шығаратын зауыт болғандықтан, Германиядан әкелінген 3D станогін сәтті пайдаланған жайымыз бар. Біз жасап шығарған ағаш үйді 20 минутта құрастырып, жинап алуға болады» дейді компания инженері Болат Пангереев.

Болаттан жасалған бұл киіз үй республикалық және халықаралық көрмелерге де шығып жүр екен. Кәсіпкер неміс компаниясының сертификатын да алған. Шахталық аркаларды жасап шығаратын компания «алдағы уақытта сұраныс түссе, түрлі ұлттық бұйымдар жасауға әзірміз» деп отыр.

Соңғы жаңалықтар