17:59, 31 Наурыз 2015 | GMT +5
Ақтөбелік кәсіпкер киіз үйдің ерекше түрін жасап шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбелік кәсіпкер инновациялық 3D технологиясымен он екі қанат киіз үй жасады, деп хабарлады www.24.kz.

Серіктестік директоры Жандос Пангереев өткен жылы «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне шақырғанда өз өнімдерін емес, сол өнімдерден жасалған киіз үй қоюды жөн санаған. Металл өңдеумен айналысатын кәсіпорын жетекшісінің бұл идеясын жұмысшылары қолдаған. Ол үшін алдымен 3D станогы үшін тапсырыс берген. «Каспий плюс» серіктестігінің жұмысшылары инновациялық киіз үйді жасау кезінде жеңілдеткіш бекіткіш, дистанциялық шайбалар, штангтер пайдаланған. Киіз үйдің есіктері 3D станогында жасалған. 50 тоннаға дейін салмақты көтеретін бұл жаңа киіз үй тез жиналып, тез арада құрылады екен.