20:01, 09 Маусым 2016 | GMT +5
Ақтөбелік кәсіпкерлер қаза тапқандардың жанұяларына қолдау көрсетіп жатыр
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының кәсіпкерлері ажал құшқан ақтөбеліктердің жанұяларына көмек көрсету үшін қаражат бөлуде, деп хабарлады облыстық әкімдікте.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысының әкімдігі қаза тапқандар мен жапа шеккендердің отбасыларына тиісті материалдық және ұйымдастырушылық көмек көрсетті.
Еске сала кетейік, мерт болған 4 ақтөбеліктің жанұялары 5 млн теңге көлемінде материалдық көмек алады. Сондай-ақ билік қаза тапқандарды жерлеу және жапа шеккендерді емдеу бойынша шығындарды өз мойнына алды.