Ақтөбелік кәсіпкерлер жаңа жыл қарсаңында балаларға тарту жасауда

АҚТӨБЕ.  Желтоқсанның   29-ы.  ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Жаңа, 2010 жылдың қарсаңында Ақтөбе облысының көптеген  ұйымдары мен кәсіпорындары балаларға арнап қайырымдылық     шараларын   ұйымдастыруда.
None
None

Атап айтқанда, «Нұр Отан»  партиясы қалалық филиалының    мүшелері  болып табылатын Кәсіпкерлер   құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастықтың    өкілдері Тамды интернатының 140 баласына 500 мың теңге  көлемінде қайрымдылық  көмек көрсетті.

 Партия      ұйымының    сектор  меңгерушісі Ақсұлу Қайырманованың  айтуынша,     ақтөбелік кәсіпкерлер осыдан бірнеше  жыл бұрын  «Қамқоршылық»  қайырымдылық  қорын   құрған  болатын. Аталмыш  қор   осыдан 6 жыл бұрын    Тамды интернатын   тұрақты қамқорлыққа алды. Біз Наурыз,   Жаңа жыл,    1-ші қыркүйек,  оқу  жылының аяқталуы,   1-ші маусым - Балаларды қорғау  күні    мерекелерінде    интернат  балаларына    тұрақты көмек көрсетіп келеміз»,  дейді    А.Қайырманова  ханым.

 Кәсіпкерлер  интернат тәрбиеленушілеріне     «Алақай»  қуыршақтар театрының      жаңажылдық қойылымымен қоса,  тәтті  қоржындар  мен     киім-кешектер  тарту етті.

 «Біздің   тұрақты   демеушілеріміздің қатарында «Айс», «Орталық базар»,  «Тасма»,  «Гранд витал» серіктестіктері, «Шығыс» базары,  «Батыс  құбыр желісі  компаниясы», «Дефектоскопия» ЖШС сияқты кәсіпорындар  бар. Биыл біздің  қатарымызға «Нектар»   сауда  үйі, «Авиажөндеу  зауыты», «Дәріхана»      мекемесі  қосылды», -  деп   хабарлады   А.Қайырманова.

Соңғы жаңалықтар