Ақтөбелік кәсіпкерлер жетім балалардың есепшотына қаржы салды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік кәсіпкерлер мен тұрғындар жетім балалардың есепшотына қаржы бөліп жатыр. Кейбірі ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе қаласында 372 бала пәтер кезегінде тұр. Олардың 258-де демеуші бар. Яғни, демеушілер ай сайын жетім балалардың есепшотына қаржы салып, оның пәтер алуына көмектесуі керек. Бүгін кәсіпкерлер мен қарапайым қала тұрғындары, мешіт ұжымы жетім балалардың есепшотын толтырды.

«Бақытты бала» жобасы аясында өтіп жатқан қайырымдылық акциясына Ақтөбедегі мешіт жамағаты да қатысты. Біз Рамазанға 100 мың теңгенің сертификатын табыс еттік. Алдағы уақытта оның есепшотына ай сайын 20 мың теңге саламыз» ,- деді «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имаманы Төлеби Оспан.

null  

Бүгін барлығы 19 балаға арнайы сертификат берілді. Көмек көрсеткен топ арасында құрылыс компаниясы, сауда орындары мен шағын және орта бизнес иелері бар. Мәселен, «Тері сарай» сауда үйінің директоры Алмагүл Бекенова құны 5 миллион теңге болатын 100 сырт киімді сыйлады.

Айта кетейік, қайырымдылық акциясы аясында қала әкімі Ілияс Испановтың өтінішімен «ҚТЖ» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы және Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі екі жетім баланы жұмысқа қабылдады. Бұл шара жыл бойы жалғасады.

null 

Соңғы жаңалықтар
telegram