Ақтөбелік кәсіпкерлердің кезекті 5 жобасы мақұлданды
пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 18, 2 млрд. теңгеге жеке бизнестің 84 жобасы мақұлданды.
РКЖ-нің кезекті отырысы бойынша жергілікті кәсіпкерлердің 5 жобасы мақұлданды.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бас менеджері Берік Нұрғалиевтың сөзіне қарағанда, Халық банкінің несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау 15 млн. теңге сомасындағы жобаға Ырғыз ауданының «Наурыз-Сим» ЖШС ие болады. Мал шаруашылық қожалығы бұл қаражатқа ірі қара мал алуды жоспарлап отыр.
«Ақтөбе нанөнімдер комбинаты» ЖШС қызметтерін әрі қарай кеңейту мақсатында макарон өнімдерін өндіретін жаңа жабдықтарды сатып алуды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны 414, 8 млн. теңгені құрайды. Ол Ақтөбелік «АТФ Банк» АҚ бөлімшесімен қаржыландырылады.
Сондай-ақ тағы 2 мекеме«ДАНК+» ЖШС және «Геосервис-С» ЖШС автопаркті кеңейту мақсатында көлік құралдарын алуға мүмкіндік алды.