Ақтөбелік қайтыс болған адамның зейнетақысын 6 ай алған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық прокуратурасы қайтыс болған адамдардың зейнетақысын үздіксіз алып отырған адамдарды анықтады. Кейбірі 500 мың теңгеге дейін зейнетақы алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облыстық прокуратурасы ішкі істер органдары мен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы филиалының жұмысын біріктірді. Себебі жыл сайын қайтыс болған адамның зейнетақысын алып, оны өз пайдасына жаратып отыратындар тіркеліп жатыр. Кейбірі бұл туралы хабар беріп, арнайы органдарға жеткізеді. Ал 6 ай бойы зейнетақы алып, есепшотқа түскен 500 мың теңге қаржысын жұмсап жібергендер бар. Заң бойынша қайтыс болған адамның зейнетақысы кері қайтарылады.

«Ішкі істер органдары жыл сайын «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы филиалының өтініші бойынша тексеру жұмыстарын жүргізеді. Себебі, қайтыс болған адамдардың зейнетақысын пайдалану дерегі тоқтамай тұр. Бұл зейнетақы мен жәрдемақы алатын адамдардың қайтыс болғаны туралы анықтаманың дер кезінде тапсырылмауынан болып отыр. Алдағы уақытта ішкі істер органдары мен «Азаматтарға арналған үкімет» апта сайын ақпарат алмасып отырады», - деді Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев. 

Соңғы жаңалықтар