Ақтөбелік кеденшілер 110 млн. теңгеден астам соманың қытай қолшатырларының контрабандасын анықтады

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, мамыр айында «Ақтөбе Транзит Групп» ЖШС Қытайдан қолшатырлардың 10 572 данасына декларация тапсырды. Кеденді тексеру барысында тағы 42 мыңнан астам қолшатыр анықталды, яғни олардың 31 644 данасы декларацияланбаған болып шықты.
Сарапшының қорытындылауына сәйкес мәлімденбеген қолшатырлардың жалпы нарықтық бағасы 110 745 мың теңгені құрайды.
Кедендік қатынаста мәлімденбеген тауардың бағасы 5 АЕК-тен асатындықтан, «Ақтөбе Транзит Групп» ЖШС-нің директорына қатысты ҚР ҚК-нің 209-бабы, 2-бөлімінің «г» тармағымен (Кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы аса ірі көлемдегі тауарларды өткізіп, кеден органына тауардың саны туралы жалған мәліметтерді беру) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Аталған бап алдын ала тергеу органдарына қатысты болғандықтан, қылмыстық іс Ақтөбе облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне жіберілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.