13:14, 03 Қазан 2012 | GMT +5
Ақтөбелік кезекті 9 жоба Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізіледі
АҚТӨБЕ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Облыс әкімдігінде өткен өңірлік үйлестіру кеңесінде Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізу жоспарланған бірқатар жаңа инвестициялық жобалар мақұлданды.

Атап айтқанда, өңірлік үйлестіру кеңесі ақтөбелік 9 жобаны мақұлдады. Олардың ішінде пластикалық терезелер мен есіктерді шығаратын «Стар тайм» ЖШС, санитарлық-техникалық бұйымдардың өндірісімен айналысатын «Тенуса» ЖШС, асфальт-бетонды қоспаларды шығаратын «АрнайыТрансҚұрылысКомпани» ЖШС мен темірбетонды бұйымдардың өндірісін дайындайтын «Құрылысдеталь» ЖШС бар.
Мақұлданған жобалардың ішінде - «Кроун Плюс» ЖШС, ауыз су, сүт және шырынның құрамы бар сусындар өндірісінің «Idea invest group» ЖШС, химиялық өнімдер мен мотор майын шығаратын «Жан Амии және К» ЖШС, «Геба» ЖШС жартылай ет фабрикаттарын өндіру цехі, көкөніс сақтау, қойма және тоңазытқыш бөлмелерін салу бойынша «Қабиев және К» ЖШС бар.