14:18, 11 Қазан 2012 | GMT +5
Ақтөбелік мемлекеттік қызметкерлер қан тапсыруда
АҚТӨБЕ. 11 қазан. ҚазАқпарат - Әлеуметтік сала қызметкерлері күніне орайластырылған «Өмірді сақтап қалайық» акциясының аясында ақтөбелік мемқызметкерлер, әлеуметтік сала қызметкерлері қан тапсыруда.

Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері өз үлестерін қосып үлгерді.
«Бұл аптада 150-ге жуық адам қан тапсырады. Бұл қалалық әлеуметтік сала: Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, тұрақты мекен-жайы жоқ азаматтарды бейімдеу және оңалту орталығының қызметкерлері», - дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Жанаргүл Дүйсекенова.
Қалалық әлеуметтік қызметтердің жұмыскерлері сол арқылы енді тұрақты қан құюды қажет ететін науқастардың өмірлерін сақтап қалуға аз да болса үлестерін қосатындарына үміттенуде.