Ақтөбелік палуан белбеу күресінен бес дүркін ел чемпионы атанды
Ақтөбедегі «Жастар арена» спорт залында ересектер арасында белбеу күресінен ҚР чемпионаты өтіп жатыр.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орайластырылған жарысқа 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 300-ге жуық спортшы қатысуға өтініш білдірген.
(18 жас және одан жоғары) 8 салмақ, қыздар (17 жас және одан жоғары) 5 салмақ дәрежесінде еркін, классикалық стиьлде күреседі.
Әр салмақ бойынша әр құрамадан 2 палуанның қатысуына рұқсат берілген. 62 келі салмақта ақтөбелік Әділет Шалғынбекұлы бес дүркін чемпион атанды.
«Жарыс өте тартысты өтті. Бесінші рет ел біріншілігінде жеңіске жетіп отырмын. Күресте он бес жылдық тәжірибем бар. Бапкерлеріме алғысымды айтамын. Финалда өз жерлесім Берді Серғалиевті 2:0 есебімен ұтып, жеңіс тұғырынан көріндім», - деді Әділет Шалғынбекұлы.
Жеңіске жеткен палуандар Қазақстан ұлттық құрамансына іріктеледі. Олар қазан айында Татарыстанда өтетін Әлем біріншілігіне және ТМД ойындарына қатысады.
Ал Ташкентте өтеді деп жоспарланған Азия чемпионаты эпиджағдайға байланысты белгісіз уақытқа шегерілді.
Ұйымдастыру алқасының ережесіне сай қатысушылар, жаттықтырушылар мен төрешілерден ПТР анықтамасы сұралды.
Жарыс көрерменсіз өтіп жатыр.