Ақтөбелік полицей өртенген үйдің 9-қабатынан екі баланы және егде әйелді құтқарды

АҚТӨБЕ. 11мамыр. ҚазАқпарат - Патрульдік-бекеттік қызметтің полицейі Арман Сарқытов түтінге толы пәтерден екі баланы және егде жастағы әйелді құтқарып алды.
None
None

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт 4 мамыр күні болған. Алтыншы қабаттағы балкон жана бастаған, қатты желдің салдарынан өрт люк бойынша жоғарыдағы балкондарға көшті. Пластикалық рамалар балқып, түтіндей бастаған. 

9 қабатта орналасқан пәтердің иесі бұл күні балаларына айран әкелу үшін үйден шығып кеткен. Көп ұзамай оған көршісі телефон соғып, үйдің өртеніп жатқанын, ал балалары кілтке жабылған пәтерден шыға алмай отырғандарын айтты. 

«Мен үшінші қабатқа дейін ғана көтеріле алдым. Өз-өзімді нашар сезіне бастадым - аяғым жүрмей қалды. Қасыма полиция қызметкерлерінің келгені есімде, бірақ шошынған мен олармен жөнді сөйлесе алмадым», - дейді екі баланың анасы Жангүл Бажбанова. 

Арман Сарқытов көп қабатты үйдегі өрт туралы белгі алып, оқиға орнына келді. Тұрғындарды көшіру үшін баспалдақпен көтеріле бастады. 

Үшінші қабатта жылап жатқан әйелді байқады. Тоғызыншы қабаттағы пәтерде екі баласының қалғанын білген жігіт одан үйдің кілтін алды. 

Тоғызыншы қабатқа көтерілген Арман керек пәтерді тапқанша бүкіл есіктерді ашуға талпынды. Көзді ашытқыш түтінге қарамастан, полиция қызметкері бүкіл бөлмелерді аралап өтіп, балаларды алып шықты. Аулаға шыққан А.Сарқытов сегізінші қабаттағы пәтерде егде жастағы әйел қалғанын біліп, оған да далаға шығуға көмектесті.

Соңғы жаңалықтар