21:11, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Ақтөбелік полицейлер 30 тонна металл сынықтарының ұрлануын ашты
АҚТӨБЕ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбелік полицейлер жаңа жыл күндерінде орын алған аса ірі мөлшердегі ұрлықты ашты. Желтоқсанның 29-ы мен 31-і аралығында 41-інші разъезде салынып жатқан шұжық цехының аумағынан белгісіз біреулер үш 12 метрлік контейнерді, тракторға арналған тіркемені, ұзындығы 11 метрлік 16 дана металл қоршауларын және 30 тонна металл сынықтарының ұрлаған. ЖШС-ға 8,2 миллион теңге залал келтірілген.

Араға көп уақыт салмай, Ақтөбе ішкі істер басқармасы қылмыстық полициясының қызметкерлері «Арлан» арнайы бөлімше қызметкерлерімен бірлесе отырып 30 және 36 жастардағы жұмыссыз екі ақтөбелікті ұстады.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.