Ақтөбелік полицейлер ардагерлерді құттықтады

АҚТӨБЕ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті Жеңістің 67 жылдығына арнап мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.
None
None

Бүгінде Ақтөбе облысында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан Ішкі істер министрлігінің 5 ардагері тұрады. Олардың үшеуі концерттің құрметті қонақтары болды, тағы екеуі денсаулық жағдайына байланысты келе алмады - оларды ардагерлер кеңесі үйлеріне барып құттықтайды.

Соғыс майдандарында қаза тапқандар үнсіздік минутымен еске алынды. Содан кейін ардагерлерді Ақтөбе облыстық ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Мұхаран Әміров құттықтады.

Бұдан басқа, ІІД бастығының бұйрығымен қызметтегі еңбектері үшін облыстың 24 тәртіп сақшысы грамотамен, 133-і - Алғыс хаттармен марапатталса, 31 қызметкерден бұған дейінгі тағайындалған жазалары алынып тасталды. Ардагерлерді есептегенде ішкі істер органдарының 437 қызметкері ақшалай сыйақылар алды.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері бұл датаны жедел-қызметтік еңбектеріндегі белгілі бір табыстармен қарсы алып, бейбіт уақытта қылмыспен күреске, қоғамдық тәртіпті күзетуге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға елеулі үлес қосуда.

Салтанатты шара аяқталған соң ардагерлерге мерекелік қонағасы берілді.

Соңғы жаңалықтар