16:53, 05 Шілде 2012 | GMT +5
Ақтөбелік полицейлер қызметтің күшейтілген тәртібіне өтті
АҚТӨБЕ. 5 шілде. ҚазАқпарат - 5-7 шілде аралығында Ақтөбе облыстық ІІД-нің жеке құрамы қызметін күшетілген тәртіпте жүргізетін болады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қоғамдық тәртіпті күзетуге полиция қызметкерлерінің көбі жұмылдырылады. Негізгі мақсат - азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Сондықтан мерекелік күндері сыртқы қызметтердің барлығы - жол және патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар және басқа көмекші қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Салтанатты және тағы басқа шаралар өткізілетін қоғамдық маңызды барлық орындар қоршалады.
Мерекелік шараларды өткізу орындарында патрульдеу жасақтары күшейтіледі, барлық нысандарды ІІД-нің басқарушы құрамының қызметкерлері қадағалайды.