Ақтөбелік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті
Тараз қаласындағы соңғы оқиғаларға байланысты қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау бойынша жұмыс күшейтілді, деп мәлімдеді полиция қызметкерлері облыстық ІІД-де болған баспасөз мәслихатында.
Облыстың барлық кірмежолдарында күшейтілген блок-бекеттер қойылған, патрульдық және жол полициясы жасақтарының саны көбейтілген, кезекшілік бөлімдердің, тергеу-жедел топтарының жұмысы күшейтілген, стратегиялық және өмірлік маңызды нысандар күзетке алынған. Жалпы алғанда, облыстағы криминогендік жағдай тұрақты, деп мәлімдейді полиция қызметкерлері.
Қару-жарақ дүкендері мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мамандарымен күзетіледі, күзет фирмаларымен тиісті келісім-шарттар жасалды. Аталмыш бизнестің иелері өздерінің ғимараттарын күшейту, бейнекамераларды орнату туралы ұйғарымдар алған.
Бұдан басқа, ақтөбелік полиция қызметкерлері Тараз қаласында қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына қолдан келгеншек материалдық жәрдем көрсетіп, жараланған полиция қызметкерлерінің емделуі мен сауықтырылуы үшін көмек қолын ұсынды.