19:11, 08 Қараша 2011 | GMT +5
Ақтөбелік шұғыл әрекет ету жасағының қызметкері әмбебап жекпе-жек бойынша әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды
АҚТӨБЕ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облыстық ІІД шұғыл әрекет ету жасағының қызметкері Райса Байлиева әмбебап жекпе-жек бойынша әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство ақпараты бойынша, финалға шығу жекпе-жегінде отандасымыз Ресей спортшысы, әмбебап жекпе-жек бойынша 6 дүркін әлем чемпионына жол беріп қойған.
Қазақстандық спортшының алғашқы қарсыласы Өзбекстан өкілі болды. Одан кейін ол Польша және Македонияның спортшы қыздарымен кездесті. Ол кездесулерде де аса басымдықпен отандасымыз жеңіске жеткен болатын.
Хабарланғандай, Р. Байлиева медальдердің бірнеше жиынтығын жинап үлгерген. Бүгінгі күні ол самбодан әлем чемпионы, әмбебап жекпе-жек бойынша чемпион, самбодан Қазақстанның 17 дүркін чемпионы және дзюдодан 4 дүркін чемпионы, Харлампьев атындағы халықаралық жарыстың және 2008 жылы Кореяда өткен Дүниежүзілік ойындар жеңімпазы болып табылады.