Ақтөбелік танымал спортшылардың аналарына ерекше құрмет көрсетілді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік танымал спортшылардың аналары ерекше құрметке бөленді. Олар қаладағы спорт кешендерін аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында спортшылардың аналарын ерекше құттықтады. Экскурсияға Ақтөбе қаласының әкімі, еңбек сіңірген спорт шебері, 3 дүркін әлем чемпионы Асхат Шахаров, Гүлнар Көшербаева және Саламат Отарбаев, дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ыбыраев, аралас жекпе-жектен 5 дүркін әлем чемпионы Райс Байлиеваның анасы шақырылды. Олар алдымен «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен танысты.
«Теннис орталығында, 50 метрлік бассейде, Жекпе-жек спорт кешенінде және мұз аренасында болдық. Аналарымыз үшін облысымыздағы спорт кешендерінің жұмысы қызықты көрінді. Біз алдағы жоспарымызбен де бөлістік», - деді Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров.