Ақтөбелік ҮЕҰ-лар Ә.Молдағұлованың туған жерінде алғашқы әскери дайындықтан өтті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Хобда ауданының Әлия кентінде «Патриотизм менен басталады» жазғы лагері өтті. Оны «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткізді.
None
None

50-ге жуық облыстың үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ), мемлекеттік органдардың мүшелері және БАҚ өкілдері Әлия Молдағұлова атындағы патриоттық тәрбие беру орталығына жиналып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Кейін жазғы лагерге қатысушылар құрамаларға бөлініп алғашқы медициналық көмек көрсету машықтарын игеріп, пневматикалық қарудан атып, Ә.Молдағұлованың өмірбаянын білу бойынша жарысқа түсті. Кейін құрамалар музыкалық байқауда әскери патриоттық әндер айтып, вокалдық мүмкіндіктерін көрсетті.

- Облысымыздың көптеген тұрғындары Әлия Молдағұлова атындағы патриоттық тәрбие беру орталығында болмады. Мұнда өз мұражайы, акт залы, спорттық алаңдар бар. Мұнда, Әлияның туған кентінде, көпшілігіміз жақсы әсерге бөлендік, - деді «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ президенті Айгүл Дүйсенова.

Оның пікірінше, мұндай шаралар үкіметтік емес ұйым, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдерін біріктіруге септеседі. Бұл үшінші сектордың дамуы үшін маңызды.

Соңғы жаңалықтар