Ақтөбелік əйел сәбиін танымайтын адамға тастап, қашып кеткен
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік келіншек танымайтын адамға баласын тастап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полицияға ақтөбелік тұрғын арызданған. Ол 2017 жылы туған нəрестені туған анасы уақытша қарай тұру үшін өзіне қалдырып кеткенін, бірақ сол күйі қайта оралмағанын айтқан. Баланы алып қалған ақтөбелік біраз уақыт күтіп, анасы келмеген соң полицияға жүгінген.
Қазіргі кезде құқық қорғаушылар баласын танымайтын адамға тастап кеткен келіншекті іздеп тапты. Оқиғаның мəн-жайы анықталуда. Әзірге сәби «Үміт» сәбилер үйіне орналастырылды.
«Ақтөбелік баласын тастап, өзі белгісіз жаққа кетіп қалған. Осы оқиға бойынша іздеу жұмыстары жүргізіліп, анасы табылды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша іс қозғалды»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.