Ақтөбелік зейнеткер 24 млн теңгесін алаяқтарға аударып жіберген

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде зейнеткер полициядан көмек сұрады. Ол жинаған ақшасы мен мүлкін алаяққа беріп жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облысының Полиция департаменті қауіпсіздік ережелерін жиі айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырып келеді. Тіпті банк қызметкеріне де жеке шоттары мен карталарына қатысты SMS код және басқа да дербес ақпаратты айтуға болмайтынын ескертті.

«Банктер мен төлем жүйелері ешқашан хат жібермейді немесе клиенттердің телефондарына қоңырау шалып, шот деректерін беруді сұрамайды. Банк қызметкерлерінде барлық қажетті мәлімет бар. Ақтөбеде 66 жастағы зейнеткер өзінің жылжымайтын мүлкі мен барлық қаражатынан айырылды. Нақтыласақ, шілде айында өзін банк қызметкерімін деп таныстырған белгісіз ер адам зейнеткерге қоңырау шалған. Алаяқ мұндай операцияны әдеттегі жұмыс деп түсіндірді. Тіпті жәбірленушіге банк шотын қорғау туралы ұсыныс айтты. Сөйтіп күдікті зейнеткерден барлық жинағын депозиттен «қауіпсіз» шотқа аударуды сұрады. Тіпті мүлкін сатуды ұсынды. Жәбірленуші сеніп, жалпы көлемі 24 млн теңге ақшасынан айырылдды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шара жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар