10:53, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Ақтөбелік зейнеткер өрт кезінде тұншығып өлген
АҚТӨБЕ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Некрасов көшесі бойында орналасқан үйде өрт болды, оқиға орнынан 59 жастағы әйелдің мәйіті табылды.

ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2 шаршыметр алаңда үй заттары өртенді. Керуетте жатқан үйдің иесі түтінге тұншығып мерт болды.
Өрт болған жерге өрт сөндіру қызметінің 12 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Өрттің себептері мен келтірілген шығын анықталуда.