Ақтөбелік зейнеткер сот арқылы өз құқығын қорғады

АҚТӨБЕ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде тұратын 62 жастағы Раиса Ұзақова жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде оның пәтерін суға алдырған көршілеріне қатысты сотқа шағым түсіреді.
None
None

Және іс зейнеткердің пайдасына шешілді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Райса Ұзақова өмір бойы медицина саласында қызмет еткен.

Істің мәнісіне тоқталатын болсақ, былтырғы жылы бір қабат жоғары тұратын зейнеткердің көршілері өз пәтерлерін жөндеуге кіріскен. Жөндеу жұмыстары зейнеткерге ыңғайсыздық тудырған, тіпті оның пәтерін су басып қалған. Райси Ұзақова лажсыздықтан сотқа көршілері келтірген материалдық шығынның орын толтыру үшін арыз жазады.

Ақтөбе қаласының №2 сотында қаралған азаматтық іс зейнеткердің пайдасына шешіліп, көршілер шығынның орын толтырды.

Соңғы жаңалықтар