Ақтөбелік жас суретші Дубай шейхін өнерімен тәнті етті

Байқау 18-22 наурыз аралығында өтіп, жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінді. Олар мектепке дейінгі (6 жасқа дейін); кіші (7-9); орта (10-13); үлкен (14-17); жастар (18-21); кәсіби (22-25) топтар. Алайда қазылар алқасының шешімімен Серіктай Марсель жалпы топта өнер көрсетті.
Фестиваль-байқау 2 кезеңде өтті. Жас дарынның анасының айтуынша, бірінші кезең ұпай жүйесі бойынша бағалаған. Екінші кезеңде қатысушыларға бастапқы әсерлерін қағазға түсіру үшін 2 сағат уақыт берілді. Марсель бұл уақытта 2 картина салып үлгерді. Оның талантына таңғалған галерея иесі қонаққа шақырды. Кейін шейх Серіктай Марсельге екі тілде жазылған энциклопедияны сыйға тартты.
Марсельдің анасы айтқандай, жас суретшілердің жолға және өзге елде тұруына кеткен шығынын шейх төлейді. Өз кезегінде өнерпаздар резиденцияда салған еңбектерін шейхқа қалдырады.