Ақтөбелік жастар ауылдастарына жұмыртқаны тегін таратады

Виктория Ширяева Маржанбұлақ ауылдық округі әкімдігінде жұмыс істейді. 28 жастағы мемлекеттік қызметкер ауыл шаруашылығын дамыту үшін кәсіпкерлік біліктілігін арттырып, әлеуметтік жобадағы әріптестерімен құстың бірнеше түрін өсіреді.
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылының жастары «Zhas projekt» әлеуметтік жобасына қатысып, 1 миллион теңге ұтып алды. Қаржыға тауықтарға арналған тор, жем, 200 тауық сатып алды. Қазір күн сайын тауықтарынан 100-120 жұмыртқа жинап алады. Барлық өнім әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға таратылады.
«2018 жылдың шілде айында жоба жеңімпазы атанып, тауыққа арналған тор, 200 тауық, инкубатор сатып алдық. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасы мен мүгедектерге 6 ай бойы тегін жұмыртқа таратып келеміз. Біздің тобымызда үш адам бар. Басшысыз Александр Гузь болып бекітілді. Жоба аяқталғанған соң ауылда құс шаруашылығын дамытқымыз келеді. Әмбебеп инкубатор бөдене, қаз, үйрек, тауық жұмыртқасын алуға мүмкіндік береді», - деді Виктория Ширяева.
Ауыл жастары тауар, клиент, тауарды өткізу секілді ұғымдарды терең түсініп, арнайы кәсіпкерлік біліктілігін арттырды. Төрт күн бойы әлеуметтік жобаны бизнеске айналдыруды үйренген. Биыл жобаны іске асыруды бастайды.
«Табиғи өнімде қашанда сұраныс болады. Біз де жем беріп, еш қоспасыз өнім алып отырмыз. Жұмыртқа күнделікті тұтынатын тағам болған соң сұраныстың боларына сенеміз. Әрі құстың бірнеше түрін сатып алу жоспарда бар. Әрі біз құс өсірудің қыр-сырын меңгеріп алдық. Ол үшін құс өсірушілерден тәжірибе жинап, кітап оқуға тура келді. Соның нәтижесінде күніне 40-50 дана жұмыртқа жинап, көңіліміз түссе, тәжірибе жинаған соң тұрақты 100-120 данаға жеткіздік», - деді ол.