Ақтөбелік жастар көлік апатынан қаза болған қызға арнап шар ұшырды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер жол-көлік оқиғасы кезінде қаза болған Сюзанна Гамидовамен қоштасып, жастар шар ұшырды. Олар Сюзанна қаза болған орынға жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін ақтөбелік жастар Тұңғыш Президент атындағы орталық саябаққа жиналып, Сюзанна Гамидованы тағы бір рет еске алды. Студенттің құрбылары мен сыныптастары әуеге шар ұшырып, қарапайым, ақылды, алғыр қызды еске алды.

«Өткен жылы мектеп бітірген едік. Ол Алматы қаласына оқуға түсіп, сол жаққа кетті. Сюзанна қайғылы жағдайға ұшырамас бұрын кездескен едім. Ол мені Алматыға шақырды, қыдырып, тынығамыз деп айтты. Ақтөбеге демалысқа келген құрбымыз 15 шілде Алматыға оралуы тиіс еді. Бірақ бәрі қайлығы оқиғамен аяқталды»,- деді Сюзаннаның сыныптасы Анастасия Дерчак.

Сюзанна Гамидова аудармашы болуды армандаған. Жаны нәзік қыз үй жануарларын жақсы көретін.

«Сюзанна түймедақ гүлін ұнататын. Шығармашыл, қарапайым қыз болды. Ол туралы естелік мәңгі жадымызда қалады. Шар ұшыруға 20-дан астам адам жиналып, 12 шарды әуеге жібердік», - деді Денис Баженов.


Сондай-ақ Тұңғыш Президент атындағы саябақтың жол-көлік оқиғасы болған орында аза тұту гүлі ілулі тұр. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ақтөбеліктер бүгін жол-көлік оқиғасы кезінде қаза болған Сюзанна Гамидованы ақтық сапарға шығарып салды.  

 
Соңғы жаңалықтар