Ақтөбелік жастар соғыс ардагеріне көмек көрсетті
Ақтөбе қаласындағы бірнеше оқу орнының белсенді жастары бүгін соғыс ардагері Иван Шевченконың үйіне барды. Ақтөбенің Мәртөк ауданында туып-өсіп, 7 сыныпты бітірген соң теміржол училищесінде білім алған ол соғыс басталған соң әскер қатарына шақырылады. Қарағандыға аттанған И.Шевченко жұмыс істеп, Қиыр Шығысқа жіберілді. Жүк таситын сүңгуір қайықта жүріп, арада 8 жыл өткен соң туған жерге қайта оралады. Ақтөбе ферроқорытпа зауытына жұмысқа қабылданып, үш бала тәрбиеледі. Бүгінде 94 жастағы ардагер балалары мен немерелерінің қамқорлығына алынған. Ақтөбелік жастар да бау-бақша мен үй шаруашылығына көмектесуді дәстүрге айналдырған.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ақтөбелік жастар ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, зейнеткерлерге көмектесіп отырады. Күзде үй іші мен ауланы тазалап, қоқысты шығаруға көмектесеміз. Ал жастар үшін ардагердің әр өсиеті өнегелі, тәрбиелі. Олар ардагерлердің өмір жолын біліп, ерлігімен танысады»,- деді «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбеде облысындағы төрағасы Асылжан Бүркіталин.
Ардагер үйіне келген қонақты үнемі құшақ жая қарсы алады. Өз өмірінен сыр шертеді, еңбек жолдарын баяндайды.
«Жапонияда әскери борышымызды өтеп, 8 жылдан соң елге келдім. Бұл ел басына түскен қиын жылдар еді. Қазір әлеуметтік, экономикалық жағдайымыз жақсы, балалар күтім жасап отыр. Жасы үлкейген адамның денсаулығы сыр береді, бірақ әрдайым келіп, қалімізді білетіндер жеткілікті. Мені қалалықтар ғана емес, Мәртөк ауданынан да адамдар арнайы іздеп келеді. Көмектесіп, қамқорлығына алған жандарға алғысымыз шексіз»,- деді соғыс ардагері Иван Шевченко.