Ақтөбеліктер «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолы учаскесі құрылысын алғашқылардың бірі болып аяқтайды

АҚТӨБЕ. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеліктер «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» мегажобасы жолы учаскесі құрылысын алғашқылардың бірі болып аяқтайды.
None
None

Бұл туралы Ақтөбе облысына жасаған сапары барысында Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.

«Мегажобаның құрылыс жұмыстары Ақтөбе облысын қоса алғанда, елдің үш облысында жүріп жатыр, бұлар жұмысты ертерек бастап, жобаны алғашқылардың қатарында аяқтайды, - деді ол.

Министрдің айтуынша, жол құрылысшыларының алдында ауқымды жұмыстарды атқару міндеттері тұр.

«Мегажобамен қатар автожолға арналған қажетті атрибуттар енгізіледі. Мысалға, актөбелік көлік-логистикалық орталығы осы жолда орналасқан ірі кешендердің бірі», - дейді министрі.

Соңғы жаңалықтар