Ақтөбеліктер депутаттардан газ бағасына қатысты мәселені қайта қарауды сұрады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе тұрғындары Мәжіліс депутаттарынан газ бағасын жылына бір рет қана көтеруді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеліктер депутаттардан газ бағасына қатысты мәселені қайта қарауды сұрады

Ақтөбеге Мәжіліс депутаттары Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Дания Еспаева келіп, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ облыстық филиалына барды. Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттары бұған дейін ҚР Энергетика министрлігіне ұсыныс берсе, бұл жолы өз тілектерін Мәжіліс депутаттарына айтты.
null 

«Қазіргі кезде газ бағасы жылына екі рет қаралады. Бізге заң бойынша жылына бір рет қаралып, өзгертілгені маңызды. Себебі, инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде нақтылық керек»,- деді Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Қалдығұлова.
null 

Негізінен 2016 жылдың тамыз айында газ өткізу бағасы 12 пайызға көтерілді, ал биыл қаңтарда тұрғындар үшін 4, ал өзге тұтынушылар үшін 8 пайызға артты. Тариф көтеру жылына екі рет қаралып, құпталып жатыр. Депутаттар жергілікті тұрғындардың ұсынысы Мәжілісте қаралатынын жеткізді.
null 

«Облыстық мәслихат депутаттары Мәжіліске тариф туралы ұсынысын айтты. Олар тарифті жылына тек бір рет көтеру жайын айтты. Бұл бизнес жоспарға, инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға ыңғайлы екен. Алдағы уақытта біз ұсынысты қарап, Мәжіліске Энергетика министрі мен ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетін шақырамыз»,- деді Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский.

null null